Успенкада бір отбасы түгел алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне келді
Осылайша, олар өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Успенка ауылындағы №433 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып Негриенколар отбасы келді.
Наталья Негриенконың айтуынша, отбасы үшін сайлауға бірге қатысу балаларға азаматтық жауапкершіліктің мәнін ерте жастан ұғындыру болмақ.
- Бүгін біз сайлауға қатысу үшін бүкіл отбасымызбен сайлау учаскесіне келдік. Балаларға өз іс-әрекетімізбен азаматтық ұстанымның қарапайым әрекеттерден басталатынын түсіндіру, әрі ел өміріне қызығушылық танытып, айтулы қоғамдық шараларға қатысудың маңызын көрсету қажет деп санаймыз, — деді ол.
Наталья әр адамның өз таңдауын жасау құқығы бар екенін атап өтіп, отбасы үшін бұл күннің ерекше мәнге ие екенін жеткізді. Себебі елдің болашағы бүгінгі таңдауға, қоғамның дамуына және өскелең ұрпаққа жасалатын мүмкіндіктерге тікелей байланысты.
- Бүгін біз өз таңдауымызды жасадық. Әрбір дауыс қуатты, әділетті әрі өркендеген Қазақстанға бастар ортақ жолдың бір бөлігі болсын, — деді дауыс беруші.
Успенкадағы №433 сайлау учаскесінде тұрғындар өз азаматтық міндеттерін орындап, ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасауға белсенді қатысуда.