Қазақстандықтар наурыз айында қалай демалады

Қазақстандықтар   наурыз айында қалай демалады
Фото: Константин Шелков

Биылғы көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар екі мереке – 8 наурыз мен Наурыз мейрамын тойлайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы сәрсенбі күніне сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар бір күн демалады.

Ал  Наурыз мейрамында – 21, 22 және 23 наурыз күндері демалады. Биыл мереке сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндеріне түсіп тұр. Сол себепті қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады.

Анықтап кетейік, сол аптада тек дүйсенбі мен жұма күндері жұмыс күндері болып саналады. Ешқандай ауыстырулар жоқ.

Наурызда барлығы 4 мемлекеттік мереке күні болады.

Осылайша бес күндік жұмыс аптасымен қызмет атқаратын азаматтар сенбі және жексенбі күндеріндегі демалысқа 4 күн мереке күндерін қосса болады. Осылайша қазақстандықтар наурыз айында 12 күн демалады.