Павлодар облысындағы ауыл экс-әкіміне тағы бір жаза қолданады
Ол өз лауазымын босатты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұған қоса «AMANAT» партиясы облфилиалының партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет кеңесі партияның Екібастұз қалалық филиалына Қоянды ауылдық округінің бұрынғы әкімі Абай Хакімовті партия қатарынан шығаруды ұсынды.
ПКК төрағасы Олег Костенко атап өткендей, ауылдық округтің бұрынғы әкімі өз қызметіне атүсті қараған, қайғылы оқиға орын алған Бесқауғадағы отбасына лайықты деңгейде көмек көрсетпеген, бақылау жасамаған.
- Жергілікті атқарушы органдар өкілі ретінде ол тұрмыс жағдайы ауыр отбасыларын ерекше бақылауда ұстауы тиіс. Біз онда болған кезде антисанитарияға кезіктік. Ауыл бөлімшесінде небары жеті-ақ үй бар, - дейді партия облфилиалының атқарушы хатшысы Айгүл Мәлікова.
Одан бөлек, партиялықтар қызметтік міндеттерін толық орындамай, қайғылы жағдайға жол берген барлық адамдар жауапкершілікке тартылуы тиіс деген уәж айтты.
Айта кетейік, облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасымен Қоянды ауылдық округінің әкімі, Екібастұз қаласы әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы жұмыстарынан босатылды. Сонымен бірге, Екібастұз қаласы әкімінің шешімімен Шідерті әкімі жұмыстан босатылды. Полицейлерге де қатысты жаза қолданылатын болады.
Естеріңізде болса, 17 қараша күні Бесқауға ауылында жеті жасар Милана Давыдованың жоғалғаны туралы ақпарат тарады. Кейін бала өлтірілгені белгілі болды. Қыздың анасы негізгі күдікті ретінде істі болуда.
Фото: Константин Шелков