Павлодарда «Алау - 2023» әскери-патриоттық жарысы өтті

Павлодарда «Алау - 2023» әскери-патриоттық жарысы өтті

Байқау әскер жасына дейінгі жастар арасында ең мықты, ең жылдам, ең күштілерді анықтау, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Павлодар облысы білім беру басқармасының мәлімдеуінше, бүгін, яғни 10 ақпан күні "Қабанбай батыр атындағы "Жас сарбаз" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" базасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 34 жыл толуына орай облыстың мамандандырылған мектептері арасында "Алау - 2023" әскери-патриоттық жарысы өтті.

- Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл әскери-патриоттық жарыс 9 жыл ұйымдастырылып отыр. Оның негізгі мақсаты – әскер жасына дейінгі жастар арасында ең мықты, ең жылдам, ең күштілерді анықтау және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, - делінген хабарламада.

Әскерилерше киініп, сап түзеген оқушылар бел темірден тартылу, пневматикалық мылтықпен ату, калашников автоматын бөлшектеп жинау, оқжатарды оқпен толтыру мен оқтан босату және жалпы әскери қорғаныш кешенін минутқа киюден күш сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды № 3 гимназия командасы, ІІ орынды Абай атындағы гимназия және ІІІ орынды Екібастұз қаласындағы "Зерде" мектеп-лицейі иеленді.

Әскери-патриоттық жарысқа қатысушылардың барлығына сертификаттар мен дипломдар және медальдар тапсырылды, сонымен қатар жеңімпаздар кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Білім басқармасы (@bilim_basqarmasy)