Павлодарлық велоспортшы Сербиядағы жарыста алтын алды

Павлодарлық велоспортшы Сербиядағы жарыста алтын алды

Павлодарлық Татьяна Генелева тау жарысында жүлдегер атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Велосипед спорты федерациясының мәлімдеуінше, Сербияның Пожаревац қаласында маунтинбайктан екінші дәрежедегі халықаралық Čačalica Požarevac MTB XCO жарысы өткен. 

Павлодарлық Татьяна Генелева әйелдер арасында ХСС (кросс-кантри шорт-трек) жарысынан 1-орынды жеңіп алды. Аталған жарыс жолына 9 спортшы шықты. 

Сондай-ақ Татьяна Генелева велоспорттың XCO түрінен 5-ші орынға тұрақтады. 

Еске салайық, сәуір айының басында Қазақстан чемпионатында Татьяна Генелева тау жарысының XCP түрі бойынша алтын медаль жеңіп алса, ХCC түрінен күміс медаль олжалаған болатын.

Фото: ашық дереккөздерден