Табысын жасырған павлодарлық сот өкілдерінің ісі әшкере болды

Табысын жасырған павлодарлық сот өкілдерінің ісі әшкере болды
Фото: pixabay.com

Олар салық декларациясын тапсыру кезінде кірісі туралы толық мәлімет бермеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облыстық прокуратурасы мәлімдеді.

Өңір прокуратурасы сот өкілдерінің салық міндеттемелерін уақтылы және толық орындауына талдау жүргізді. Нәтижесінде заңгерлер мемлекет қазынасына жеке табыс салығын толық көлемде төлемегені анықталды. Декларация тапсырған кезде олар барлық табысын көрсетпеген. Облыстың Мемлекеттік кірістер департаментіне заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді, - деп атап өтті Павлодар облысының прокуратурасы.

Мемлекеттік кірістер органдары жүргізген камералдық бақылау нәтижесінде бюджетке 1,9 миллион теңге салық түсті.