Тереңкөл ауданында ауқымды профилактикалық шара өтті

Тереңкөл ауданында ауқымды профилактикалық шара өтті
Фото: облыстық ПД

Мақсат – жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шара  «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы қағидаттарын көздейді.  

Жиынға 800-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында мектеп оқушылары, жастар, ата-аналар, педагогтар, волонтерлер және қоғамдық өкілдер қатысты.

 Күндізгі уақытта жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен жастармен кездесу өтті. Павлодар облысы ПД нашақорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері, белсенділер мен волонтерлер есірткі және психотроптық заттарды қолданудың салдары, олардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілік және саналы өмірлік таңдау жасаудың маңызы туралы түсінікті түрде баяндады.

Қатысушылардың ерекше назарын ауыл жастарының белсенді азаматтық ұстанымын және зиянды әдеттерді қабылдамауын айқын көрсеткен жаппай есірткіге қарсы флешмоб аударды. Сонымен қатар, нашақорлық тақырыбы бойынша плакаттар байқауы өтті. 

Кешкі уақытта республикалық «Әр үйге тест» ақпараттық науқаны аясында ата-аналар мен педагогикалық қауымдастық өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Жиында қылмыстық және әкімшілік есірткіге қарсы заңнама нормалары түсіндіріліп, түрлі наркотест түрлері, оларды сатып алу орындары және тыйым салынған заттарды қолдануға күдік туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі таныстырылды.