Тереңкөлде скутер тізгіндеген баланы қағып кетті
Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 тамызда Тереңкөл ауылында Байтұрсынов -Базар көшелерінің қиылысында УАЗ автомашинасының жүргізушісі кәмелетке толмаған бала жүргізіп келе жатқан электр скутерімен соқтығысқан.
– ЖКО салдарынан түрлі жарақаттары бар кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде, – дейді департаментте.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, 14 жасқа толмаған балаларға электр скутерлерімен жүруге келісім беретін ата-аналардың жауапсыздығы осындай салдарға әкеледі. Ата-аналар микромобильді пайдалану үшін белгіленген жас шектеулеріне мұқият болуы керектігін ескертілді.