Павлодарда кәсіпкерге жер учаскесін сатуды үш жылға кешіктірген

Павлодарда кәсіпкерге жер учаскесін сатуды үш жылға кешіктірген
Фото: Константин Шелков

Жергілікті атқарушы орган 2021 жылдан бері келісу процесін созған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлерді жеке қабылдау нәтижелері бойынша Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы «Атамекен» ӨКП алаңында кәсіпкердің өтінішін қабылдады.

– Жергілікті атқарушы орган 2021 жылдан бастап жер учаскесі бойынша аукцион ұйымдастыру үшін коммуналдық қызметтермен келісу процесін кешіктірген, – деді департаментте.

Департаменттің араласуынан кейін Павлодар қаласы әкімдігінің бейінді бөлімдері аукцион ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізді, нәтижесінде ағымдағы айда кәсіпкер сұралып отырған жер учаскесіне жалдау құқығын сатып алды.