Павлодар облысында төрт адам жол апатына түсіп, көз жұмды

Павлодар облысында төрт адам жол апатына түсіп, көз жұмды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол-көлік оқиғасы Тереңкөл ауылынан 25 шақырым жерде орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 желтоқсанда сағат 17:58-де екі көлік соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Байқоныс ауылының медициналық бригадасы шұғылдықтың бірінші санаты бойынша шыққан. Жедел жәрдем 11 минутта жетті. Жол-көлік апаты салдарынан 35-40 жастағы ер адамдар қайтыс болғаны анықталды.