Павлодарда әскерилер балаларға сыйлық таратты

Павлодарда әскерилер  балаларға сыйлық таратты
Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Әскерилер Жаңа жыл мерекесі қарсаңында көпбалалы және аз қамтылған  отбасылардың балаларына  қуаныш сыйлады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, жылдағы дәстүрге сай қолбасшылық әскери қызметшілердің үйлеріне Аяз ата мен  Ақшақар  кейпінде барады.   

– Үйімізге кіріп келген жадыраңқы жүзді Аяз ата мен Ақшақарды көргендегі  таңқалысымда шек болмады. Бойымды кернеген шад-шадыман сезімнен Аяз атаға айтып беремін деп жаттаған тақпағымды да ұмытып қалдым. Жылына бір рет келетін  жандардың табыстаған сыйлықтарын ұқыптап, күтіп   ұстаймын, – дейді Эмир Сағатов.

Өңірлік  қолбасшылыққа  қарасты Павлодар қаласындағы  әскери бөлім мерекені атап өтуге тыңғылықты дайындалған.  Барлығы 500-ден астам балаға сыйлық табысталды. 

– Үйіне кіріп барғанда сыйлық иесі  көршісімен немесе туыстарымен ойнап жүрсе, ыңғайсыз болатыны анық. Баланың көкейінде «Аяз ата бәрімізге емес, сыйлықтарды кейбіріне ғана береді» деген пікір қалыптасуы мүмкін. Сондықтанз қолайсыз жағдайлардың алдын алу үшін Аяз атаның сыйлық салынған қабын лық толтырдық.  Балғындарға қуаныш сыйлау арқылы өзіміз де  мәз-мейрамбыз, – дейді 6679 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Мұса Сәдуақасов. 

Жалпы Жаңа жыл қарсаңында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мыңнан астам балаға сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, әскери бөлім және шаһардағы мәдени нысандар ішінен шырша бой көтеріп, балақайлар шырайлы кештің арнайы мейманы ретінде шақырылды. Салтанаты шара барысында әртүрлі мультфильм кейіпкерлерін сомдаған аниматорлар бүлдіршіндермен бірге би билеп, түрлі ойындар ойнады.