Железин аудандық мешіті мерейтойын атап өтті

Железин аудандық мешіті мерейтойын атап өтті
Фото: Константин Шелков

Құрылысқа атсалысқандар марапатқа ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Железин аудандық мешіті 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы оқиғаға орай аудандық мәдениет үйінде құрметті қонақтар мен ауыл белсенділерінің шақыруымен салтанатты шара өтті.

Ашылу салтанатында «Железин» мешітінің бас имамы Мұрат Майтах Құран сүрелерін оқып, жиналғандар ғимараттың тарихы туралы бейнеролик тамашалады. 

Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхымов барша облыс мұсылмандарын осы оқиғамен құттықтап, құрылыс жұмыстарына қол ұшын беріп, дін қызметкерлеріне қолдау көрсеткен ауыл белсенділерін марапаттады. Алғыс хаттарын облыстың құрметті азаматтары А.Омаров пен М.Бағжықов, кәсіпкерлер Қ.Нүкенов, Б.Серікбаев, Б.Үсембаев, А.Қабиев, сондай-ақ мешіттің бас имамы М.Майтах алды.

Шараға Мәшһүр Жүсіп мешітінің имамы Қанат Қабаев қатысты. Ол ҚМДБ-ның бас мүфтиі Наурызбай қажы Өтпенов пен Павлодар облысы бойынша ҚМДБ-ның бас имамы Жолдас Бертімұратовтың Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтарын табыс етті. Ауыл тұрғындары діни мекеменің 20 жылдығына Т.Мизамбаевтың демеушілігімен мешіттің тарихы жайлы альбом дайындап, оны мешіттің бас имамы Мұрат Майтахқа тарту етті.