Павлодарлықтарға атаулы әлеуметтік көмек бойынша тікелей эфир өтеді
Тұрғындар өз сұрақтарына жауап ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 ақпан күні сағат 11:00-де @akimat.pavlodar Instagram-парақшасында «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» тікелей эфир ұйымдастырылады.
Көрермендер атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегіне қатысты сұрақтарын қоя алады.
Спикер – Айнұр Мұқашбекова, сала маманы.