Павлодарда мереке күні төрт көлік соқтығысты

Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 наурыз күні оқиға Торайғыров көшесі, 58 мекенжайы бойынша орналасқан ғимараттың алдында орын алған.
– BMW көлігінің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты таңдай алмай, төрт көлікпен соқтығысқан, – деді департаментте.
Оқиға салдарынан бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.