Тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындау бойынша тегін онлайн-сабақтар бастады
20 қарашада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы еліміздің білім беру орталықтарымен бірлесіп Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындалуға арналған тегін онлайн-сабақтарды бастайды, деп хабарлайды @Kazinform орталықтың минстрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онлайн сабақтар ірі республикалық білім беру орталықтарымен бірлесіп әзірленді. Сабақтар білім беру орталықтарының YouTube арналарында және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өткізіледі. Онлайн сабақтардың барлық эфирі талапкерлер кез-келген уақытта көре алуы үшін сақталады.
« Ғылым және жоғары білім министрлігі тестілеу кезінде ғана емес, оның басталуына дейін де қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Түлектердің ҰБТ-ға дайындығын Ұлттық тестілеу орталығы білім беру орталықтарымен бірлесіп, төртінші жыл өткізіп отыр. Өткен жылы 600-ге жуық сағат онлайн сабақтар өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірлерінің мектеп түлектері қатысып, ҰБТ пәндері бойынша дайындықтан өтті. Биыл 20-дан астам орталық сабақ беретін болады. Жоба бюджет қаражатын жұмсамай іске асырылғанын атап өткім келеді», - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.