Торайғыров университеті орман өртінен қаза тапқан марқұмдардың балаларына арнайы грант бөлді

Торайғыров университеті орман өртінен қаза тапқан марқұмдардың балаларына арнайы грант бөлді

Әрі университеттің студенттері табиғи апат орын алған жерге көмекке аттануға әзір, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Торайғыров университетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқу орнындағы жұмыс күні қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталған.

- Университет өртті жою кезінде ерлікпен қаза тапқан отбасылардан шыққан балаларға 10 білім грантын беру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ қазіргі уақытта университет атынан өрт орындарында көмек көрсету үшін студенттер құрамынан 10 ерікті баруға дайындалуда, - делінген хабарламада.

Университет ұжымы осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің барлығына шын көңілден қайғыларына ортақтасып,  көңіл айтты.

Айта кетелік, Абай облысында 60 мың гектардан астам орманды қамтыған өртке қарсы күрес әлі де жалғасуда. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 12 маусымды «Жалпыұлттық аза тұту күні» деп жариялады.