Павлодарлық ұстаз халықаралық байқаудан алтын алды

Павлодарлық ұстаз халықаралық байқаудан алтын алды
Фото: Білім басқармасы

Ол бұл олимпиадада физика пәні бойынша сынға түсті,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы білім басқармасының мәліметінше, Алматы қаласында математика, физика және информатикадан олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының VI халықаралық «Impact olympiad» ашық шығармашылық байқауы  өтті. Жыл сайынғы конкурс кәсіби құзыреттерді оңтайлы игеруді, оларды қолдау мен көтермелеуді көрсететін талантты, шығармашылық жұмыс істейтін мұғалімдер мен жаттықтырушыларды анықтау мақсатында өткізіледі.

Бұл байқауға  Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Беларусь, Армения, Моңғолия, Болгария елдерінен 400-ден астам ұстаз қатысты.

Халықаралық байқаудың қорытындысы бойынша Павлодар облысы білім беру басқармасы дарынды балаларға арналған № 8 лицей – мектебінің физика пәнінің мұғалімі Александр Захаров қарсыластарынан асып түсіп, алтын жүлде ұтып алды.