ТЖД павлодарлықтарды табиғат тазалығына атсалысуға шақырады

ТЖД павлодарлықтарды табиғат тазалығына атсалысуға шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс-шара аясында Усолка өзенінің жағалауы мен орман алқаптары қоқыстан тазартылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Таза жағалау – таза орман» экологиялық акциясы 12 қыркүйек күні сағат 15:00-де басталады. 

Іс-шара барысында Усолка өзенінің жағалауын және оған жақын орман алқаптарын қоқыстан тазарту жоспарланған.

Төтенше жағдайлар департаменті бұл шараның уақытты тиімді өткізіп, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосудың тамаша мүмкіндігі екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл өскелең ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңыздылығын көрсететін үлкен үлгі болады.