Павлодар облысында топырақтың қатуы байқалуда
Қатқан топырақ қабатының қалыңдығы 140 сантиметрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» гидрометеорологиялық қызметі облыстық филиалының мәлімдеуінше, 16 сәуірдегі жағдай бойынша Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жеке аудандарында топырақтың қатуы сақталады.
– Павлодар облысында – қатқан топырақ қабатының қалыңдығы 30-40-тан 140 сантиметрге дейін, кей жерлерде 200 сантиметрден ден асады. Қатқан топырақтың төменгі шекарасы 61-ден 150 сантиметрге дейінгі тереңдікте байқалады, облыстың солтүстік-шығысында ол 275 сантиметрге жетеді, Ертіс және Железин аудандарында жоғарыдан еруі 20-22 сантиметр, Павлодар, Успенка, Ақтоғай аудандарында 100-128 сантиметрге дейін біркелкі емес, – дейді баспасөз орталығында.
Толық еруі Ертіс және ішінара Павлодар, Ақтоғай, Шарбақты аудандарында байқалады.