Екібастұз ауруханасында рентген машинасы өртенді

Екібастұз ауруханасында рентген  машинасы өртенді

Науқастар мен  медицина қызметкерлері эвакуацияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 17 тамызда сағат 12:00 шамасында Екібастұз қаласының ауруханасында бірінші қабаттағы терапевтік корпуста өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Қысқа тұйықталу салдарынан кескінді айқындайтын машинадан өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті сағат 12:26-да оқшаулап, екі минуттан кейін сөндірді. 

– Науқастар мен медицина қызметкерлері эвакуацияланып, көрші корпустарға ауыстырылды, олардың арасында зардап шеккендер жоқ, – деді денсаулық сақтау  басқармасының баспасөз қызметінде. 

Жалпы 75 адам эвакуацияланды. Оқиға орнына алты техника және жеке төтенше жағдай департаментінің құрамның 33 адамы жұмылдырылды.