Тұман мен жел: Павлодар облысында апта бойы жаңбыр жауады
Түнде ауа температурасы +3°С-қа дейін төмендейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 3 қыркүйекте сынап бағанасы түнде +7...+12°С, ал күндіз +16...+21°С-ты көрсетеді.
4 қыркүйекте облыстың солтүстігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +8...+13°С, ал күндіз +12...+17°С жылы болады.
5 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түседі. Сынап бағанасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +10...+15°С-ты көрсетеді.
6 қыркүйекте де жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде +3...+8°С-қа дейін төмендеп, күндіз +9...+14°С-қа дейін көтеріледі.
Сенбіде де тұманды болады. Сынап бағанасы түнде +3...+8°С-ты көрсетсе, күндіз +10...+15°С-ты көрсетеді.
Жексенбіде облыстың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +6...+11°С, ал күндіз +13...+18°С жылы болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.