Тұрғындардың өтініші ескерілді: Сәтбаев көшесіндегі аула жаңартылуда

Тұрғындардың өтініші ескерілді: Сәтбаев көшесіндегі аула жаңартылуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауламен қатар жаяу жүргіншілер жолы да жөндеуден өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков Академик Сәтбаев көшесіндегі №35 тұрғын үйдің ауласында жүргізіліп жатқан асфальттау жұмыстарының барысын тексерді. 

— Тұрғындардың ұсынысы ескеріліп, ауламен қатар жаяу жүргіншілер жолы да жаңартылды. Бұған дейін тұрғындар тарапынан ауланы асфальттау мәселесі бойынша бірнеше өтініш түскен болатын, - деді шаһар басшысы.

Хасар Хабылбеков биыл облыс әкімінің қолдауымен қаладағы 100 ауланың аумағын асфальттау жоспарланғанын атап өтті. Қазіргі таңда 23 аулада жұмыстар толық аяқталса, тағы 12 нысанда дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Әкім қалалық қызметтерге жұмыс қарқынын күшейтіп, жоспарланған барлық аулаларды тамыз айының соңына дейін толық асфальттап аяқтауды тапсырды.