Павлодарда аула фестивалі ұйымдастырылады
Тұрғындарды«ERTIS AULA FEST» аула спорт фестиваліне қатысуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық «Жасыл Ел» штабының мәлімдеуінше, 21 маусым күні «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында «ERTIS AULA FEST» спорттық-ойын-сауық аула фестивалі өтеді.
Фестиваль бағдарламасында отбасылық эстафета, қол күресінен жарыс, гір көтеру сайысы, акробатика бойынша көрсетілімдер, би ұжымдарының жарқын өнер көрсетуі, зумба жаттығуы, функционалдық тренинг, джампинг-фитнес бойынша шеберлік сабағы және «Kaharman» таеквондо командасының өнер көрсетуі болады.
– Бұл – отбасыңызбен бірге уақытты пайдалы өткізуге, қатысушыларға қолдау көрсетуге, көтеріңкі көңіл-күй мен сергектік алуға және үлкен спорт мерекесінің бір бөлігі болуға тамаша мүмкіндік, – дейді ұйымдастырушылар.
Фестиваль 21 маусым күні сағат 11:00-де Айманов көшесі, 51, №16 мектеп-лицейінің аумағында өтеді.