Успен ауданында мас скутерші қамалды
Материал сотта қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Успен ауылында «Назар аудар, балалар» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде күдік туғызған ауыл тұрғынын ұстады.
– Сараптама нәтижелері күдік деректерін растады, медициналық куәландыру алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесін көрсетті. Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотта қаралды, оның шешімі бойынша ер адам 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Скутер айып тұрағына қойылды, – деді Успен аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Арман Ашренов.
Полицейлер жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және рұқсат етілген ең жоғары жылдамдықтан асып кету жүргізуші мен жол қозғалысының қалған мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін есте сақтауға шақырады.