Павлодар алюминий дивизионындағы қайта жаңғырған - КТК

Павлодар алюминий дивизионындағы қайта жаңғырған -  КТК

КТК ойындары кәсіпорын қызметкерлері арасында алты жылдық үзілістен кейін қайта оралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өткен жұма Павлодар алюминий дивизионы кәсіпорындарының қызметкерлері үшін еңбек апталығының аяқталуы ғана емес, ұмыт болған дәстүрдің жандануымен жалғасын тапты. Олар алты жылдық үзілістен кейін көңілді тапқырлар клубының алғашқы ойынын өткізді. 

Алюминий дивизионының КТК кубогы сарапқа салынған ойында "Қазақстан алюминийі" АҚ мен Қазақстандық электролиз зауытының бөлімшелері, цехтары мен қызметтерін ұсынған жеті жаңа команда ерекше ойын өрнегін көрсетті.

- Көңілді тапқырлар алаңына шыққан командалар арасында іріктеу кезеңі жүргізілген жоқ. Ойыншылардың өздері жиналып, өтінім берді, - деп атап өтті "Қазақстан алюминийі" АҚ ПАЗ және КӘК персонал және мәдениет жөніндегі директоры Жансая Әлжанова. – Ойыншылардың дайыналуына небары бір апта ғана уақыт берілген. Аз уақыт болса да олар тамаша сахналарды ойлап таба білді. 

Символдық түрде «Ветер перемен» деп аталатын сәлемдесу бөлімінде сахна дебютанттары өздерінің ерекше ойын өрнегін, алғырлығы мен талғамын бірден көрсетті.  Олар өздерінің кім екенін және әзілдерінде қандай жаңашылдықтар мен ерекшеліктер  бар екенін көрсете білді. Бұл кезеңде көрермендерді «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалының «Керегетас» әктас кенішінен келген «Кеншілер» командасы отты әзілдерімен ерекше баураса, Баянауыл ауданынан келген команданың ойыны да басбармақпен бағаланды. 

«Ситуации» байқауында кубок қатысушылары ұсынылған тақырыптарға импровизация жасап, көпті таң қалдырды.  Бұл кезеңде қазылар алқасының мүшелері де қатысушылармен бірге ойнап, сахнада күлкілі кейіпкерлердің бейнелерін сомдады. 

Музыкалық байқауда командалар көпшілікке танымал хиттерді қайта жаңғыртты. Өрт сөндірушілердің қаншалықты маңызды екендігі, қорғаныс көзілдірігін үнемі кию және оларды өндіріске қалай әкелгені туралы ән шырқады. 

ПАЗ гидрометаллургиялық цехының «Ерлер құрамасы» орындаған Шакираның "Loca" әні корпорациялардың отбасылық өмірге тигізетін зардаптарын әзілге қосып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.  Қазылар алқасы ойыншылардың вокалдық қабілеттерін атап өтіп, әзілдің авторлылығына, өзіндік ерекшелігіне және реквизиттеріне назар аудара отырып, дайындық деңгейін бағалады.

Тартысқа толы ойынның нәтижесінде кубокпен бірге 200 мың теңгеге сертификатқа «Кеншілер» командасы қол жеткізіп, жеңімпаз атанды.  Ал МЕӨҚҚ құрамасында екінші орын-мемлекеттік емес қызметтің өрт сөндірушілеріне бұйырды. Олар 150 мың теңге ақшалай жүлдеге ие болды.  Үздік үштікті 100 мың теңге ұтып алып, ҚЭЗ-мен «Алюминий» түйіндеді.

«Қазақстан алюминийі» АҚ персонал және мәдениет жөніндегі директоры және қазылар алқасының мүшесі Александр Носов командалардың ойынына ерекше баға берді.

- Біздің қызметкерлердің қолынан көп нәрсенің келетініне көзім жетті. Нағыз сегіз қырлы, бір сырлы азаматтар.  Өз басым осы ойында бізді осынша таң қалдырады деп күтпедім. Барлығы әдемі және үйлесімді, сахнадағы қойылымдардың барлығы әрбір деталына дейін ойластырылған. Қызметкерлер жақсы дайындалды. Әркім әр түрлі ауысымда жұмыс істесе де, уақыт тауып, бірігіп, керемет мереке жасады. Біз әзіл-қалжыңға әзілмен қарадық, жұмыста да әзіл айта аламыз, - дейді Александр Носов.

«Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Александр Клименко қатысушыларға алғысын білдірді.

- Ең бастысы ойыншылар бәрімізді мазалайтын ауыр сұрақтарды көтеруден қорықпады.  Ал сахнада сіздер мұны соншалықты ынта мен қызығушылықпен көрсеттіңіздер. Бұл тіпті ұят емес. Сондықтан жеке уақытымызды бөліп, біз үшін нағыз КТК құрғаныңыз үшін алғысымды білдіремін, – деді кәсіподақ жетекшісі.

Жеңімпаз команда капитаны Тілек Хауселдің айтуынша, ол КТК-да университет қабырғасында жүрген кезде қатысқан. Ал бүгін өзінің әріптестерімен бірге өшкенді жаңғыртып, бір сахнада өнер көрсетуі оның студенттік уақыттын есіне түсірген.

- Біз Майқайың кентінен келдік, «Керегетас» әктас кенішінде жұмыс істейміз. Біздің командада әр түрлі саланың мамандары бар. Атап айтсам, электрик, слесар және т.б.  Тамаша ойын өрнегін көрсетіп, кубокқа қол жеткізу үшін тікелей жұмыста жүріп дайындалдық. Мен өзім студент кезімде КТК студенттік командасымен республикалық деңгейде өнер көрсеткенмін. Әріптестеріммен ойнау ұсынылғанда, қуана келістім. Себебі біз тек жұмыспен ғана шектелмей, жан – жақты болуға тырысуымыз керек. Әрі қосымша дағдыларға да уақыт таба білсек нұр үстіне нұр болмай ма, - дейді капитан.

Ал ойынның «күмісіне» қол жеткізген көңілді тапқырлар бұрын соңды сахнаға әзіл арқалап шықпағандарына айтып, ағынан жарылды.  

– Біз "Қазақстан алюминийі" АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің қызметкерлеріміз. Біздің ешқайсымыз бұрын көңілді тапқырлар алаңында болған емеспіз. Көрермен біздің жұмысымыздың қаншалықты маңызды және қиын екенін түсінуі үшін өз нөмірлерін өз тақырыптары бойынша құрастырды. Әзілдерімізді тек күлкілі етіп қана қоймай, ой салатын, ақылға қонымды сахна етіп шығаруға тырыстық, – деді команда капитаны Ырысбек Қайыров.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алюминий дивизионының КТК кубогын жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Ұлттық құраманың Еуразиялық Топтың ойындарында өнер көрсету үшін ең мықты ойыншыларды бір дивизиондық командаға жинау көзделуде.

Фото: "Алюминий Казахстана" АҚ

Жарнамалық материал