Успен ауданында сотталғандарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі

Успен ауданында сотталғандарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Пробация қызметінің есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеу мақсатында 2026 жылы арнайы біржолғы әлеуметтік төлемдер беріле бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта пробация қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті құжаттарды ресімдеу және төлемді алу үшін есептегі тұлғаларды бағыттау бойынша жұмыстарды ұйымдастырды.

– Бұл әлеуметтік қолдау шарасы пробациялық бақылаудағы тұлғаларға көмек көрсетуге, олардың әлеуметтік бейімделуіне және ресоциализациялануына, сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Материалдық көмектің дер кезінде берілуі сотталғандарға бірінші кезектегі тұрмыстық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді, олардың жұмысқа орналасуына және қоғамға табысты интеграциялануына ықпал етеді, – деді облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствода атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік органдармен және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимыл негізінде жүйелі түрде жүргізілуде.