Павлодар облысының жол трассасында мас КамАЗ жүргізушісі аударылып қалды
Оның жүргізуші куәлігі де болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Полиция қызметкерлері «Атамекен – Русская Поляна» автожолында патрульдеу барысында КамАЗ көлігінің жүргізушісін тоқтатты.
– Мас күйінде көлік жүргізген азамат рөлге ие бола алмай, жолдың жиегіне аударылып қалған. Сонымен қатар, тексеру барысында былтыр ауыл тұрғыны көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, ал көлік арнайы тұраққа қойылды, – деді Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының уақытша м.а. Төлеген Алпысбаев.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда барынша мұқият болуға шақырады.