Успендік жүргізуші полицейлердің сұрақтарына дұрыс жауап бере алмады
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Успен ауданының Қоңырөзек ауылында полиция қызметкерлері Lada автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің әрекеті күдік тудырды: ол сұрақтарға сәйкес емес жауап беріп, оғаш әрекет көрсетті. Медициналық тексеру оның орташа дәрежеде мас екенін растады. Жүргізушіге қатысты материалдар жиналып, сотқа жолданды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
– Мас күйінде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Биыл ауданымызда осындай 17 факт анықталып, барлық құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылды, – деді облыстық Успен ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары Арман Ашренов.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және мас күйінде рульге отырмауға шақырады. Мұндай әрекеттер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.