Павлодарда жұртты алдаған алаяқ қонақүйде қолға түсті (ВИДЕО)
Бұрын істі болған қылмыскер Павлодар және Ақсу қаласы аумағындағы мүліктік алаяқтығы үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті қаланың қонақүйлерінің бірінде ұсталған. 37 жастағы азамат бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған. 2004 жылы Павлодар соты оны кісі өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
– Күдікті мүлікті сату немесе сатып алу туралы хабарландырулар жариялаған танымал әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық жасаған. Сатып алушы немесе сатушы деген сылтаумен жәбірленушілермен кездесіп, ақшасын немесе мүлкін ұрлаған, – деді облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Спикердің сөзінше, қазіргі уақытта тергеушілер ұсталған азаматтың үш алаяқтық және екі тонау фактісіне қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары алаяқтық әрекетінен зардап шеккен басқа да жәбірленушілерді анықтауда.
Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 190 және 191-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.