Варшаваға емделуге кеткен: Павлодарлық тұрғынға елден шығуға тыйым салынды

Варшаваға емделуге кеткен: Павлодарлық тұрғынға елден шығуға тыйым салынды
Фото: Константин Шелков

Ол алты жыл бойы қарызын қайтармай жасырынып жүрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  2017 жылы көші-қон қызметі бөліміне 42 жастағы азаматтан 12 миллион қарыз өндіріп алу туралы қаулы түскен. Іскерлік қарым-қатынаста болған адам өтініш берушіден қарызға ақша сұраған.

– Кейін жәбірленуші ақшаны кері қайтару үшін сотқа жүгінді. Ер адам ақшаны қарызға алып, Варшаваға емделуге кеткен. Сот орындаушысы ер адамға елден шығуға тыйым салған, – деп мәлімдеді  облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, 2023 жылы ер адам Астанаға келген. Полиция қызметкерлері оны ұстап, келуі туралы міндеттеме алған. 

Қазіргі уақытта көші-қон қызметінің қызметкерлері борышкердің борышын кері алу үшін оның орналасқан жері туралы мәліметтерді сот орындаушысына жіберді.