Екібастұзда екінші ауысымда оқушылар қашықтықтан оқиды

Екібастұзда екінші ауысымда оқушылар қашықтықтан оқиды
Фото: Константин Шелков

Ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, 26 желтоқсанда екінші ауысымдағы 0-4-сыныптардың оқушылары қашықтықтан оқиды.

 Еске сала кетейік,  ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Қазгидромет филиалының ақпараты бойынша 26 желтоқсанда облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Сондай-ақ Павлодар мен Ақсу қалаларында  екінші ауысымдағы мектепалды, 1-9-сынып оқушыларының сабақтары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.