Екібастұзда алдағы үш күнде көпқабатты тұрғын үйлер жылуға толық қосылады (ВИДЕО)

Екібастұзда алдағы үш күнде көпқабатты тұрғын үйлер  жылуға толық қосылады (ВИДЕО)
Фото: Константин Шелков

Кеншілер қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің 50 пайыздан астамына жылу берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде айтты. 

– Жылыту маусымына қатысты штабтың отырсын өткіздім. Бүгінгі күні 690 көпқабатты тұрғын үйдің 395-іне толық жылу берілді. 524 үй ыстық сумен қамтылған, – деді Асайын Байханов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Assain Baikhanov (@asaiyn.baikhan)

Аймақ басшысының айтуынша, тоқсан әлеуметтік нысанның  жетпіс тоғызында жылу бар. Қалған он бір нысан алдағы үш күнде қосылады.

Күн сайын алпыс-жетпіс үйді жылуға қосу жоспарланып отыр.  ПИК жөндеу жүргізіп жатқан екі үйге ішкі жұмыстар аяқталғаннан кейін жылу беріледі. 

Видео asaiyn.baikhan