Вице-министр Павлодардағы тарихи нысанды жаңғырту жайлы ойымен бөлісті

Вице-министр Павлодардағы тарихи нысанды жаңғырту жайлы ойымен бөлісті
Фото: ӨКҚ

Осыған байланысты Евгений Кочетов Солтүстік Қазақстан облысынан сәтті мысал келтірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Журналистермен кездесуде ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі тарихи ғимараттар мен құрылыстарды сақтау үшін биліктің ұстанымын нақты айтты. Спикер оларды мәдени немесе ойын-сауық нысандары болсын, әртүрлі бағыттарда пайдалану керектігін атап өтті. 

 – Петропавлда екі жыл бұрын қазақ театрының үлкен жаңа ғимараты салынды. Бірақ ескі ғимарат қалды. Архитектуралық тұрғыдан алғанда, өте керемет. Сонымен, әкімдіктен келген әріптестеріміз онда шығармашылық орталық құрды. Бір-екі күн бұрын олар сол жерде презентациясын жасап, Астана хабтың өңірлік кеңсесінен жаңа ғимаратқа балаларды орналастырды, – дейді Евгений Кочетов.

Оның айтуынша, бұл – ескі тарихи ғимараттың сыртқы келбетін сақтай отырып, іштей танымастай өзгеруінің көрсеткіші.

Вице-министр Павлодар әкімдігінің жоспарында осындай шығармашылық орталықтың ашылуы жоспарда бар екені жайында айтып өтті. Оның орналасқан жері әлі белгісіз, бірақ Петропавл қаласындағы ғимараттың үлгісіндей шешім қабылдануы мүмкін. 

Сонымен қатар, кездесуде тарихи нысандарды сәулет ескерткіштерінің тізілімінен шығару және олардың осы тізімдерге қайта оралу мүмкіндігі туралы мәселесі көтерілді.