Шарбақты ауданында 40 бас жылқыны ұрлағандар іздестірілуде

Шарбақты ауданында 40 бас жылқыны ұрлағандар іздестірілуде
Фото: pixabay.com

Жылқылар Жаңа ауыл маңындағы жайылымдарда қараусыз жайылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шарбақты ауданының тұрғыны полицияға хабарласып, 2023 жылдың ақпан-қараша айлары аралығында Жаңа ауыл маңындағы жайылымдардан қараусыз қалған 40 бас жылқының ұрланғанын мәлімдеген. 

– Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары аталған фактіге қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуде, – дейді департаментте. 

Полиция мал басының иелеріне малдың сақталуын бақылауды күшейту және мал орналасқан үй-жайлардың техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету қажет екенін еске салады. Жоғалған жағдайда  таңбасын немесе малдың нөмірін сипаттай отырып, дереу полицияға хабарлауға кеңес береді. 

Айта кетерлігі, жыл басынан бері облыс аумағында мал ұрлығының 49 фактісі тіркелген. Олардың басым бөлігі еркін жайылымда жасалған.