Успен ауданында әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға әлеуметтік көмек беріледі
Шешім 1 қаңтардан бастап енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Успен ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 21 желтоқсандағы «Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №70/12 шешіміне сәйкес 2024 жылғы 01 қаңтардан бастап әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға әлеуметтік көмек енгізілді:
«Инсулинге тәуелді бірінші типті қант диабеті» ауруымен ауыратын адамдарға 10 АЕК (36920 теңге);
қант диабетімен ауыратын адамдарға 5 АЕК (18460 теңге);
созылмалы вирустық гепатиттерден және бауыр циррозынан зардап шегетін адамдарға 5 АЕК (18460 теңге);
психикалық, мінез-құлық бұзылыстарынан (ауруларынан) зардап шегетін адамдарға 2 АЕК (7384 теңге);
церебральды сал ауруы бар балаларға 5 АЕК (18460 теңге);
жедел миокард инфарктісімен ауыратын адамдарға (алғашқы 6 айда) 5 АЕК (18460 теңге);
ревматизммен ауыратын адамдарға 2 АЕК (7384 теңге);
дәнекер тінінің жүйелі зақымдануынан зардап шегетін адамдарға 2 АЕК (7384 теңге);
жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларынан зардап шегетін адамдарға 2 АЕК (7384 теңге);
орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық ауруларынан зардап шегетін адамдарға 2 АЕК (7384 теңге);
орфандық аурулармен ауыратын адамдарға 3 АЕК (11076 теңге).
2024 жылы 1 АЕК 3692 теңгені құрайды.
Барлық сұрақтар бойынша «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, Успен ауылы, 10 лет Независимости көшесі, 27 немесе 87183491930 телефон нөміріне хабарласуға болады.