Павлодар облысының әкімі: полицейлер халықпен «жанды» жұмыс жасауда

Павлодар облысының әкімі: полицейлер халықпен «жанды» жұмыс жасауда
Фото: Константин Шелков

Ол тәртіп сақшыларын мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

23 маусым мемлекеттік қызметкерлер күнімен қатар полиция қызметкерлерінің мерекесі. Облыс әкімі Асайын Байханов тәртіп сақшыларын құттықтаусыз қалдырған жоқ.

– Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймын! Бұл тәулік бойы көмек көрсетіп, қылмыспен күресіп және қоғамдық тәртіпті сақтайтын жандардың мерекесі,– дейді өңір басшысы.

Облыс әкімі соңғы жылдары ішкі істер органдарында полицейлердің халықпен «жанды» жұмыс форматына көшуі негізінде кезең-кезеңімен ауқымды жүйелі реформалар жүргізіліп жатұанын атап өтті. 

– Қазақстан полициясы жұмысының негізгі көрсеткіші азаматтардың сенім деңгейі, сервистің қауіпсіздігі және сапасы,–дейді Асайын Байханов.

Ол тәртіп сақшыларының адал қызметі және мамандықтарына деген адалдықтары үшін алғысын білдірді.