Жанды картина мен арт-терапия: Павлодарда ауқымды бейнелеу өнері фестивалі өтеді
Тұрғындар үшін қызықты бағдарлама дайындалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2-4 мамыр аралығында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «ІІІ PavlodART» бейнелеу өнері фестивалі ұйымдастырылады.
– Алдыңғы жылдары фестиваль қала тұрғындарының қызығушылығын арттырып, көп көрермен жинады. Биыл үш күннің ішінде екі көрме, «Досиктің дәуірлерге саяхаты» атты өлкетану ойынының тұсаукесері, көптеген шеберлік сағаттар мен Арбат форматында көрме өтеді,– деді кітапханада.
Фестиваль бағдарламасы осындай болмақ:
2 мамыр
11:00 – PavlodART фестивалінің салтанатты ашылуы. Ол жерде ұлы суретшілердің жанданған картиналары қойылады;
11:30 – «Досиктің дәуірлерге саяхаты» өлкетану үстел ойындарының тұсаукесері болмақшы;
12:30 – Балалар көркемсурет мектебінің «Иллюстрация» көрмесінің, ал 16:00 Лина Сорокинаның дебюттік «Өзбекстан» атты жеке фотокөрмесінің ашылуы өтеді.
3 мамыр
10:00 – «Птичий перезвон» атты акварель бойынша шеберлік сабақ;
11:30 – «Тәтті АРТ» пряникке сурет салу бойынша шеберлік сабақ;
16:00 – «Удивительная флористика» атты арт-кездесу, , жылдам портреттер «Подарок в моей жизни» арт-терапия және «Ханталапай» асыққа сурет салу бойынша шеберлік сабақтар өтеді.
4 мамыр
11:00 – Комикстер бойынша шеберлік сабақ, ал 14:30-да арбат басталады.