Павлодарлық театрдың жаңа қойылымы көрерменге жол тартпақ

Аталмыш қойылым екі күн қатарынан көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка драма театры У. Шекспирдің «Ричард ІІІ» қойылымының премьерасын өткізеді.
Қойылымның премьерасы екі күн қатарынан өтпекші. Алғашқысы 24 қараша күні сағат 18:00-де болса, екіншісі 25 қараша күні сағат 17:00-де қойылады.
Еске сала кетейік, жергілікті театр Мәскеу қаласындағы «Подмосковные вечера» фестивалінде қатысып, «Үздік ансамбль» аталымын иеленген еді. Олар аталмыш фестивальде «Ұждан» қойылымын көрсетті.