Zhas Project: Павлодарда үздік идея ұсынған жастар бір миллион алады
Аталған жобаға қатысуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Елдің 20 өңірінде «Zhas Project» жобасына өтінім қабылдау басталып кетті. Жобаға NEET санатындағы 18-34 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
«Zhas Project» жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Жобаға қатысушылар өз өңірлерінде жергілікті қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған үздік бастамаларды іске асыра алады. Сондай-ақ, көшбасшылық қасиеттерді дамытып, әлеуметтік және кәсіптік бағдарлау бойынша жаңа білім мен дағдыларға, бизнесті құру және жүргізу бойынша кәсіби менторлық қолдауға ие болады.
Әлеуметтік бастамаларды іске асыруға жобаның жеңімпаздары бір миллион теңгеге дейінгі көлемде шағын гранттар алады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 280 жобаны іске асыруға 280 миллион теңге бөлді.
Өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылғы 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Әр өңірдің әкімші ҮЕҰ ұйымдастырушылардың байланыс ақпараты мен өтінім қабылдайтын сайттары cisc.kz сайтының Zhas project бөлімінде орналасқан.