Павлодардың құрғақ көшелерінде ыстық асфальт төселе бастады
Жолдар құрғаған соң жұмыс көлемі артады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Бүгіннен бастап коммуналдық қызметтер ыстық асфальтты пайдаланып, шұңқырларды жөндеуге кірісті. Бұрын айтылғандай, жұмыстар бірінші кезекте көшелердің құрғақ бөліктерінде жүргізілмек, – деп жазды қала әкімі Хасар Хабылбеков Іnstagram парақшасында.
Бірінші кезекте қоғамдық көліктер қатынайтын көшелер қамтылады. Қазіргі уақытта Назарбаев даңғылы, Қайырбаев және Луговая көшелерінде жөндеу жүргізілуде.
Еске сала кетейік, 2 ақпаннан бастап коммуналдық қызметтер қала көшелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шұңқырларды жөндеуге кірісті.
Бұл жұмыстар үшін -10 градусқа дейін төмен температурада пайдалануға рұқсат етілген МАС асфальтбетонды төсеу технологиясы қолданылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram