Жасырын нөмір: Павлодарда жүргізуші айыппұл арқалады

Жасырын нөмір: Павлодарда жүргізуші айыппұл арқалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция аталған фактінің Мәшһүр Жүсіп көшесінде орын алғанын анықтады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Іnstagram әлеуметтік желісіндегі @dp_pavlodar direct-іне жол жүру ережелерін бұзу туралы бейнежазба түскен. Бейнекадрда жүргізуші көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік құралын жүргізген.

– Автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл салынды, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Айта кетейік, облыс орталығында жыл басынан бері осындай бұзушылық үшін 350 жүргізуші жауапқа тартылған.