Жаз аяғына дейін павлодарлық ауыл шаруашылығы өндірушілері санақтан өтуі керек

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңінің аяқтаулына 10 күн қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
1-31 тамыз аралығында Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының бірінші кезеңі өтуде. Ауыл шаруашылығы санағының 20 күнінде 5 мыңға жуық ауыл шаруашылығы өндірушілері санақтан өтті.
– Sanaq.gov.kz сайтында санақтан өтіп үлгеріңіз. Барлық деректер тек статистикалық мақсатта қолданылады. Олар үшінші тұлғаларға берілмейді және заң бойынша құпия сақталады. Егер компьютер қолжетімсіз болса, ауылдық әкімдіктегі өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына немесе аудандық статистика басқармаларына баруға болады, – деді облыстық статистика департаментінде.
Павлодар қаласында санақтан өту үшін Генерал Дүйсенов көшесі, 9 мекенжайында орналасқан статистика департаментіне жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге 55-84-07, ұялы 8 (777) 938-32-08, демалыс күндері 51-09-46 (вахта) нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.
Тұрғындарда сұрақтар туындаса (өздігінен қызмет алу аймақтарының мекенжайларын қоса алғанда), тәулік бойы жұмыс істейтін 1446 байланыс орталығына қоңырау шалу мүмкіндігі бар.