Павлодарда сауда үйінде өрт шықты

Павлодарда сауда үйінде өрт шықты
Фото: Константин Шелков

Оқиға орына 30-ға жуық құтқарушы жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 13:38-де «Квазар» сауда үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бригадалары жөнелтілген. 

– Бутиктердің бірінде электр сымының оқшаулануы салдарынан өрт шыққан. Тілсіз жау құтқарушылар келгенге дейін жойылды, алайда қатты түтін басқан. Өрт сөндірушілердің көмегімен 150-ге жуық адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, – деді департаментте. 

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 33 қызметкері мен тоғыз техника жұмылдырылды.