Жер сағаты: Павлодарлықтарды бір сағатқа электр құрылғыларды өшіруге шақырады
Науқан ғаламшардың экологиялық проблемаларына назар аударуға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы тұрғындарды 23 наурызда болатын «Жер сағаты» дүниежүзілік науқанға қосылуға шақырады.
– Бүкіл жеде жарық пен электр құрылғыларын 20:30-дан 21:30-ға дейін бір сағатқа сөндіретін болады. Әлемдегі ең әйгілі ғимараттар мен ескерткіштердің жарығы сөнеді, – деді басқармада.
Акция климаттың өзгеру проблемасына назар аудару мақсатында 2007 жылы Австралияда Дүниежүзілік Табиғат WWF қорымен басталды. Мұндай шара жарықты бір сағатқа өшіруден басқа, әрбір азаматтың күнделікті іс-әрекетінің қажеттілігіне баса назар аударады: энергия тиімділігі, ресурстарды үнемді пайдалану және табиғатпен үйлесімділікке қол жеткізу.