Жәбірленушіден шағым жоқ: Павлодар облысында қанша жанжалқор жазаланды?
Көбінесе тұрмыстық жанжалдар туралы отбасының көршілері дабыл қағады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
15-26 қаңтар аралығында отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы қылмыстардың алдын алу жұмыстарын жетілдіру мақсатында жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Тұрғылықты жері бойынша 4 400 тұлға тексерілді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мустафинов мәлім етті.
– Көбінесе жәбірленушілер өмірге немесе денсаулыққа қауіп төнген кезде полицияға жүгінеді, ал полиция қызметкерлері келгеннен кейін агрессорларға арыз жазудан бас тартады. Қабылданған түзетулер енді полицейлерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жәбірленушілердің өтінішінсіз, яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қозғауға мүмкіндік береді, – деді Қуаныш Мустафинов.
Қаңтарда полиция органдарында тұрмыстық жанжалдар бойынша 216 хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары 56 деректі аралау барысында анықтады. Яғни, бұл – жәбірленушілердің өтінішінсіз тіркелген жағдайлар. Жаңа заңға сәйкес хаттама толтыру үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камераларының немесе бейнетіркегіштің жазбалары жеткілікті болады. Сондай-ақ тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталды.
– Тіркелген деректер бойынша 1475 шара қолданылды. Оның ішінде 438 қорғау нұсқамасы шығарылып, 95 адамның іс-әрекетіне ерекше талап қойылды. Ондай жанжалқорлар қаруды қолдануға, түнде алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салынады және қайта бұзушылық жасағанда қамауға алынады, – деді спикер.
Сондай-ақ, 76 тұрғынға алкоголь ішуге тыйым салынды. Жалпы әкімшілік жауапкершілікке 895 құқықбұзушы тартылды.