Қазақстандағы экология мен климат: 2024 жылғы басты нәтижелер
Елде ағымдағы жылы экологиялық бақылау күшейтіліп, табиғат қорғау саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз орталығының мәліметінше, 2024 жылы Мемлекеттік экологиялық инспекция 1001 тексеру жүргізді. Оның барысында 2620 құқықбұзушылық анықталды, 1664 ұйғарым берілді, 2201 айыппұл салынды, олардың жалпы сомасы 82,8 миллиард теңгені құрайды.
Экологиялық реттеу аясында 13 148 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Өтініштерді қарау кезінде ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуге, қоршаған ортаға шығарындыларды азайтуға, сондай-ақ кез келген шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде экологиялық қауіпсіздікке ерекше назар аударылады.
Ағымдағы жылы ғарыштық мониторинг деректері бойынша 4887 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, олардың 4310-ы немесе 91%-ы жойылды. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау шараларын қабылдамағаны үшін жергілікті атқарушы органдардың 164 лауазымды тұлғасы 9,3 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл соңына дейін шығарындыларды автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнатуға міндетті 91 кәсіпорын анықталды. Бүгінгі таңда 69 кәсіпорын ШАМЖ орнатты. ШАМЖ-ды уақытылы орнатпағаны үшін инспекторлық тексерулер аясында 26 кәсіпорын 15,5 миллион теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ құқықбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.
Климаттық көрсеткіштер бойынша Әзірбайжанның Баку қаласында өткен БҰҰ-ның СОР29 Глобалды Климаттық Саммиті аясында Қазақстан Республикасының ұлттық павильоны алаңында 21 құжатқа қол қойылды. 128 ұсынылған стартап жобасының ішінен 24-і 2024 жылы GCIP халықаралық бағдарламасы аясында табысты акселерациядан өтті. Қазақстандық «Ozen-M» стартапы 2024 жылы ЮНИДО-ның Глобалды іс-шарасы – Cleantech Days аясында 22 халықаралық команда арасында 2-орын алды. Әзірбайжанның Баку қаласында өткен БҰҰ-ның СОР29 Глобалды Климаттық Саммиті аясында Қазақстан Республикасының ұлттық павильоны алаңында 33 тақырыптық сайд-ивент өткізілді. 2024 жылы ең үздік қолжетімді әдістер бойынша 4 анықтамалық әзірленді.