Павлодарда шахматтан облыстық фестиваль өтті
Ол құрметті шахмат жаттықтырушысы Қинаш Алдажаровты еске алуға арналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
Шахмат үйінде 17-ші облыстық шахмат фестивалі 70-тен астам әуесқойды жинады. Алғашқы өткен фестивальдің жеңімпазы, бүгінде шахматтан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Арман Ғабдушевтің айтуынша, турнирге дәстүрлі түрде мықты спортшылар келеді.
– Олардың саны жыл сайын артып келеді. Биылғы жылы фестивальге 7 жастан 16 жасқа дейінгі 70 спортшы және 10 ардагер қатысты. Олардың арасында Екібастұз қаласы, Железин және Ертіс аудандарының өкілдері бар,– деді Арман Ғабдушев. – Жеңімпаз ауыспалы кубокты алады, егер қатарынан үшінші рет жеңіске жетсе, онда кубок оның қолында қалады.
Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық мектебінің математика және физика пәні мұғалімі Қинаш Алдажаров бір мезгілде ауданның балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде шахматтан жаттықтырушысы болып жұмыс істеді.
– Ол өзінің басты міндетін ауыл балаларына осы зияткерлік ойынға деген сүйіспеншілікті ояту деп санады, – деді жаттықтырушының үлкен ұлы Арсен Қинашев. –Әкем балаларды облыстық және республикалық жарыстарға апарған еді. Онда олар бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.
Арсен Қинашевтың сөзінше, Қинаш Алдажаровтың көптеген оқушылары жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, шахматтан ғана емес, тоғызқұмалақтан да кәсіби спортшы атанды.
– Қинаш Алдажаровты еске алу турнирінің жеңімпаздары арасында Тамерлан Бектұров болды. Ол спорт шебері атанып, 16 жасқа дейінгі дүниежүзілік олимпиадада күміс медаль жеңіп алды, – деп бөлісті Арман Ғабдушев.
Аудандық шахмат фестивалі жыл сайын өтетін облыстық шахмат әуесқойлары фестиваліне дейін өсті. Шахмат жаттықтырушының достары, шәкірттері мен отбасының еңбегі. Бұл жарыс 17 рет өткізіліп, өңірлік спорт басқармасының жарыс кестесіне еніп отыр.