Қазақстандық сарапшы бір сағаттық белдеуіне ауысудың пайдасын зерттеді
Оның пайымдауынша, бұл жұмысқа кешігіп қалудың пайызын азайтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бүгінгі Қазақстанда талқылап жатқан үлкен мәселелердің бірі – сағат белдеуіне қатысты сұрақтар болып отыр, осының төңірегіндегі мәселелер көптен қозғалып жүр. Наурыздан бастап, Қазақстанда бір сағаттық белдеуге көшті.
– Жалпы халықтың көпшілігі осы сағатты пайдаланады. Енді бұл жерде әртүрлі сұрақтар туындап жатыр. Адам денсаулығына, тағы да басқа нәрселерге зиян тиіп жатыр, көп жарық жағып жатырмыз деген сияқты. Бұл мәселелер жөнінен ғалымдар, жергілікті мамандардың айтуына қарағанда, соңғы сағат өзгергеннен бері қарай ешқандай адам денсаулығына да, электр энергиясын пайдаланудың артпағандығы айтылып отыр. Сондықтан да, қазіргі таңда бұл сағаттық белдеу экономикалық жағынан өте тиімді,– деді Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті география және туризм факультетінің аға оқытушысы Арман Жұмағазиев.
Оның сөзінше, жұмыс уақыты Қазақстан бойынша бір уақытта басталып, бір уақытта аяқталады.
– Көлік қарым-қатынасы, басқа транспорт түрлерінің жүру, келу уақыттары бір сағатқа бекітілгені қолайлы, яғни бұрынғыдай адамдардың ұшаққа немесе пойызға кешігіп қалу мәселесі болмайды деп есептеймін. Сондықтан бір сағаттық белдеуді Қазақстанда қолдануға толық болады, әрі дұрыс деп есептеймін,– деді Арман Жұмағазиев.
Еске сала кетейік, қазақстандық сарапшы бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің оң тұстарын айтты.