Универсиадада қазақстандықтар ел қоржынына қос медаль еншіледі

Қазақстан намысын 12 спорт түрінен 76 спортшы қорғауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Германияның Рейн-Рур аймағында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы мен таеквандодан Дамир Шуленов қола медальді еншілеп, ел қоржынына қос бірдей жүлдені салды.
Спортшы Айбота Ертайқызы таспамен жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, үшінші орынды иеленді. Ал Дамир Шуленов таеквандо жарысында үшінші орынға жайғасып, қола медальдің иесі атанды.
Айта кетейік Германияда өтіп жатқан Жазғы Универсиада 16 шілдеде басталған болатын. Байрақты бәсеке 27 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстан намысын 12 спорт түрінен 76 спортшы қорғауда.