Қазақстанның мемлекеттік қарыз деңгейі «төмен» болып қала береді

Қазақстанның мемлекеттік қарыз деңгейі «төмен» болып қала береді
Фото: Экономика министрлігінің парақшасынан

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Экономика министрлігінің мәліметінше, вице-премьер өз сөзінде Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк және халықаралық рейтинг агенттіктері жыл сайын Қазақстанның экономика даму деңгейі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін бағалайтынын айтты.

Халықаралық кредиттік рейтингтерде болған соңғы өзгерістер еліміздің фискалдық, қаржылық тұрақтылығын айғақтайды. Бізде Ұлттық қор түріндегі қомақты валюталық резервтер және алтын-валюта резервтері бар. Олардың көлемі қазірдің өзінде 100 млрд доллардан асты және бұл инвестицияны белсенді тартуға мүмкіндік беретін қаржылық қауіпсіздік жастығы болып табылады. Біз Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын қабылдадық. Онда мемлекеттік қарыз, тұтастай алғанда, елдің жалпы ішкі өнімінің 32%-нан аспауы керектігі жөнінде шектеулер жазылған, – деді ол.
Оның айтуынша, қазір бұл көрсеткіш шамамен 23%-дықұрап отыр, яғни бұл мемлекеттік қарыздың көлемі бойынша жеткілікті қауіпсіз әрі қолайлы деңгейдеекенімізді білдіреді.

Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров бұл қарызды инвестиция ретінде қарастыру керектігін, осы инвестицияларды тарту арқылы жалпы экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін активтерді жасайтындығымызды атап өтті.